Судағы қауіпсіздік: қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыс

Судағы қауіпсіздік: қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыс

2021 жылғы суға шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында 23 адам, оның ішінде 4 бала суға кетті. 2020 жылмен салыстырғанда +35,0% - ға өсу байқалады (2020 жылы ұқсас кезеңде 17 адам қаза болды, оның ішінде 3 бала).

 Осы орайда азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Төтенше жағдайлар департаменті, Жергілікті полиция қызметі мен Ақтөбе заң институтының қызметкерлері, ювеналды полицияның балалар инспекторлары, еріктілер күнделікті рейд іс-шараларын жүргізуде.

Қазіргі таңда 52 мыңнан астам рейд жүргізіліп, онда ҚР ӘҚБК 364-бабы (жалпы су пайдалану ережелерін бұзу) және 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) бойынша 1280 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық ТЖД тұрғындарға судағы қауіпсіздікті сақтауға, мас күйінде шомылмауды және балаларды ересектердің назарынан тыс қалдырмауды ескертеді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы