Бір күнде 3 адам суға батып кетті

Бір күнде 3 адам суға батып кетті

25 шілде күні Ақтөбе облыс аумағында  3 адам суға батып кетті. Бірінші оқиға түнгі сағат 3 шамасында тіркелді.

Кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне Ақтөбе су қоймасында моторлы қайықтың аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Балық аулау мақсатында қайықпен шыққан Ақтөбе қаласының төрт тұрғыны құтқару кеудешелерінсіз суда қалды. Үш балықшы жағаға шығып, ал төртіншісі жоғалып кетті. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 1975 жылы туған ер адамның денесі 3 метр тереңдіктен алып шықты.

Әрі қарай, күндіз 13 сағат 45 минутта куәгерлер 1976 жылы туған азаматтың денесін судан  алып шықты, ол суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, суға батып кеткендердің екеуі де мас күйінде болған.

Сондай-ақ Мәртөк ауданының Елек өзенінде ТЖД күшімен 18 жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол куәгерлердің айтуынша суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. Өкінішке орай, аз уақыт өткеннен кейін қыздың денесі табылды.

Ақтөбе облысының ТЖ Департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

 - алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

 - тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге; - жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

 - техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

 

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Ақтөбе облысы  ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы