Аумағы 400 ш.м. болатын өрт Темір ауданындағы бірнеше шаруашылық құрылыстарын шарпыды

Аумағы 400 ш.м. болатын өрт Темір ауданындағы бірнеше шаруашылық құрылыстарын шарпыды

26 шілде күні сағат 00:48-де «101» пультіне Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Кірпішті көшесі мекенжайы бойынша сарайдың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жедел түрде құрамында саны 16 адам және 2 бірлік техника болатын Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Алайда осы уақыт аралығында өрт 391 ш.м. жалпы ауданда 7 жеке ауладағы 13 шаруашылық құрылыс пен 1 сарайды шарпығаны анықталды.

Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 тұрмыстық газ баллоны мен 2 жеңіл автокөлікті өрт ішінен шығарды. Көршілес тұрған тұрғын үйлерге қызыл жалынның таралуына жол берілмеді.

Өрт салдарынан 1 жеңіл автокөлік өртеніп, 2 гараждың шатыры зардап шекті. Сағат 02:45-те өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы