Құтқарушы суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Құтқарушы суға батып бара жатқан адамды құтқарды

2021 жылғы 18 шілде күні 14 сағат 35 минутта Елек өзеніндегі «Жилгородок» жағажайы маңында патрульдеу кезінде құтқарушы Косовец Виктор 1979 жылы туған ер адамды 2 метр тереңдіктен құтқарды. Суға батып бара жатқан ер адам мас күйінде болған және шомылуға жабдықталмаған жерде шомылған. Зардап шегушіні жағаға шығарғаннан кейін құтқарушылар медициналық көмек көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы 18 адам, оның ішінде 4 бала судың құрбаны болды. Азаматтық тұлғалар көмегімен  2 адам және Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлерімен 2 адам құтқарылды.

Ақтөбе облысының ТЖ Департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Ақтөбе ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы