Ақтөбе қалың түтінге оранды

Ақтөбе қалың түтінге оранды

2021 жылғы 15 шілде күні 10 сағат 40 минутта қалалық қоқыс полигонының жануы орын алды.Өртті сөндіру үшін Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 23 адам және 7 бірлік техника (автоцистерна), сондай-ақ «Табыс Ақтөбе» ЖШС 14 адам және 14 бірлік техника  жұмылдырылды.

Ашық отпен жану 700 шаршы метр алаңда 22 сағат 25 минутта оқшауланды.Алайда жел бағытының өзгеруіне байланысты қала аудандарының бір бөлігі сұр түтінге айналды.

Бүгінгі күні өрт сөндіру бөлімшелері және «Табыс Ақтөбе» ЖШС су шашу және бықсу орындарын топырақпен көму бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда.

Ақтөбе облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарынан қатты түтін болған жағдайда сақ болуды, мүмкіндігінше терезелерді жабық ұстауды және қажет болмаған жағдайда көшеге шықпауды сұрайды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы