Ақтөбеде өрт қауіпті кезең бойынша брифинг өтті

Ақтөбеде өрт қауіпті кезең бойынша брифинг өтті

2021 жылғы 15 шілдеде Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде табиғи өрттердің туындауы, сондай-ақ өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау тақырыбына арналған брифинг өткізілді.

Брифингте Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Евгений Владимирович Овчарский және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басқарма бастығының орынбасары Нұрхат Темірбайұлы Қалдыбаев сөз сөйледі.

Қазіргі таңда  Ақтөбе облысының орман қорында 521,8 Га аумақта 12 орман өрті болды. Ал өткен жылы 19,135 Га аумақта 3 орман өрті болды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аумағында жылы, құрғақ ауа райы қалыптасқан, бұл өрт қауіптілігінің арттыруға ықпал етеді және ормандарда өрттің туындау қаупін арттырады.

Табиғи өрттердің негізгі себебі – адами фактор болғандықтан, мамандар азаматтарға өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Орманда сөндірілмеген от қалдыруға, жанып тұрған темекі тұқылдарын тастауға болмайды.

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 120 АЕК дейін әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Өрт қауіпті кезең ішінде үй маңындағы учаскелерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Қоқысты бақылаусыз жағу немесе шөптің құлауы салдарынан ірі ландшафтық өрттер пайда болуы мүмкін.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы