Жас офицерлер қызметке кірісті

Жас офицерлер қызметке кірісті

Ақтөбе облысы ТЖД қатарын үнемі белсенді және болашағы зор мамандар толықтырып отырады. Бүгін облыстық ТЖ департаментінде жұмыс істейтін жас қызметкерлер туралы айтқымыз келеді.

Жақында ғана аға буын офицерлер қатарына М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының түлектері – азаматтық қорғау лейтенанттары Илеуов Ислам Ерболұлы, Сеитов Айбек Сәбитұлы, Сильченко Владимир Сергеевич қосылды.

Өрт күзеті – бұл өртті сөндіру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру. Алдағы уақытта жаңа кадрлар өрттің алдын алу үшін заңның сақталуын қадағалайды. Олар әртүрлі объектілердің өрт нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексереді, анықталған бұзушылықтар тізбесі және оларды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген нұсқамалар береді.

Дәл осы қызметкерлердің арқасында көптеген өрттердің алды алынып, адам өмірі мен материалдық құндылықтар сақталады.

Ал біз өз кезегімізде жас лейтенанттарға қызметте табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы