Мәртөк ауданында «Мәртөк - 2021» аудандық кешенді оқу-жаттығуы басталды

Мәртөк ауданында «Мәртөк - 2021» аудандық кешенді оқу-жаттығуы басталды

21 маусымнан бастап Мәртөк ауданында "Мәртөк – 2021 "аудандық кешенді оқу-жаттығуы басталды. Бұл жаттығулар аудандық азаматтық қорғау жүйесін оқытуды қамтиды.

Оқу-жаттығудың бірінші күні азаматтық қорғау қызметтерінің басшылық құрамымен және 13 ауылдық округ әкімдерімен актив ұйымдастырылды, сондай-ақ, азаматтық қорғау негіздерін білуге кіру тестілеуі өткізілді.
Бұдан кейін, азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтарымен теориялық сабақ өткізілді, оның тақырыбы Азаматтық қорғаныс және ТЖ жою жоспарларын ресімдеу, ТЖ жоюға арналған шешімдерді картада графикалық бейнеленумен қабылдау болды.

Күннің екінші жартысы практикалық іс-қимылдарды пысықтауға арналды. Барлық қызметтер практикалық сабақтардың 7 тақырыбын пысықтады. Күннің соңында қорытындылар шығарылып, кемшіліктер талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, "Мәртөк - 2021" кешенді оқу-жаттығуы 25 маусымға дейін жалғасады.


Мәртөк ауданы ТЖБ