Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет аумағында өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді

Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет аумағында өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді

Ағымдағы жылдың 21 маусымында ғимараттардағы өрт қауіпсіздік шараларын тексеру мақсатында Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет аумағында өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді. Аталған іс-шара бойынша 9 бірлік арнайы техника мен жеке құрамнан 38 адам жұмылдырылды.

Тактикалық оқу-жаттығудың сценарийі бойынша өрт сөндіру диспетчерлік пультіне аталмыш университеттің кітапханасы мен мұрағат сақталған бөлігінің жануы туралы хабарлама келіп түсті.

Қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жылдам әрі дағдылы жұмыстарының арқасында өрттің жайылу қаупі азайып, уақытында жойылды. Жалпы ауданы 200 ш.м құраған өртті сөндіруге 40 минут қажет болды. Арнайы автосатының көмегімен алты зардап шегуші құтқарылды. Жаттығудан кейін талдау жұмыстары өткізіліп, барша қатысушылардың жұмыстарына оң баға берілді.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ