Қызыл Ай Қоғамы медбикелерімен кездесу өтті

Қызыл Ай Қоғамы медбикелерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 маусымында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері мен Ақтөбе қаласының "Қызыл Ай Қоғамы" медбикелерінің кездесуі өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты - адам зардап шеккенде алғашқы жәрдемді қалай көрсету керек екендігін түсіндіру.

Өркениет дамыған сайын адам өміріне төнетін қауіп-қатер де көп. Күнделікті тұрмыстық жағдайдың өзінде де апаттық жағдайлар жетерлік. Міне, сондай төтенше жағдайда алғашқы қадамдардың дұрыс жасалуын көздеген кездесу толық өз мақсатын орындады.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы