Ақтөбе облысының ТЖД басшылығының Байғанин ауданына іс-сапары

Ақтөбе облысының ТЖД басшылығының Байғанин ауданына іс-сапары

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрам бойынша инспекция тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ш.М. Сартов, Кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны И.А. Мангубасов және «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологы азаматтық қорғау капитаны А.Мингазова маусым айының 16 күні іс-сапармен Байғанин ауданында болды.

Іс-сапар мақсаты – қызметтік әскери тәртіпті сақтау, жол көліп оқиғаларын сақтау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу. Іс-сапар барысында Байғанин ауданының №11 ӨСБ-нің ғимаратын аралап, ӨС және ТЖ бөлімдерінің жұмыстарымен танысты. Жеке құраммен саптық байқау өткізілді.

Одан кейінгі кездесу Нұр Отан партиясы Байғанин аудандық филиалында жеке құраммен кездесу өткізілді. Бұл іс-шараға Нұр Отан партиясы  Байғанин  аудандық  филиалының  төрағасының  орынбасары А. Ергалиев  пен  аудандық  ПБ  ЖПҚ  бастығы  полиция  подполковнигіА. Сағынғанов қатысты.

Жұмыс сапары Байғанин аудандық мұражайында жалғасын тауып, Байғанин тарихи-өлкетану музейін жеке құраммен аралап, ауданның тарихымен танысты.

Сапар соңында гарнизонның жеке құрамымен ҚР заңдарын білуге арналған тестілеу өткізілді. Сонымен қатар психологиялық дайындық бойынша тренингтік сабақ өткізіліп, жеке құрамның психологиялық нормативтерінің жай күйі қаралды.

 

Байғанин ауданы ТЖБ