Ақтөбе облысы ТЖД бастығының құттықтауы

Ақтөбе облысы ТЖД бастығының құттықтауы

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі мен батырлығы, Отанға деген махаббаты арқасында жеткен Жеңіс – бостандығымыз бен тәуелсіздігіміздің кепілі.

Бүгін біздің ортақ міндетіміз – Отанымызды аянбай қорғаған аға ұрпақтың қажырлы дәстүрлерін сақтай отырып, арттыра түсу, сондай-ақ еліміздің әлемдік аренадағы беделі мен қуатын күннен күнге арттыру үшін барлық жағдай жасау.

Осы абыройлы істе Сіздерге зор денсаулық, болашаққа деген үлкен сенім, жақсылық пен бақыт тілеймін!

 

                                                                                  Құрметпен,
                                                                                 Ақтөбе облысы ТЖД бастығы

Азаматтық қорғау полковнигі

                                               М.Аманбаев