Біз Жеңістің қалай жеткенін ұмытпаймыз

Біз Жеңістің қалай жеткенін ұмытпаймыз

1945 жылғы 9 мамыр – әрқайсымыз үшін қасиетті күн. Ол ел мен әлемді нацизмнен құтқарған ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі мен теңдессіз батырлығының символы болып мәңгі қалады. Содан бері 76 жыл өтті. Бірақ біз Жеңістің қаншалықты қымбат болғанын және туған жері үшін өмірін қиған адамдарды жадымызда сақтаймыз. Олардың табандылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі Ақтөбе облысы ТЖ Департаментінің әрбір қызметкері үшін әрқашан жоғары адамгершілік бағдар болады.

Бүгін, 9 мамыр күні,  мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қаза болғандарды еске алуға облыстық ТЖ департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағасы және Ақтөбе қалалық ТЖ басқармасының бастығы келді.

Рәсімге қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

                                                                               Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы