ҰОС тыл ардагерлерінің үйіне барды

ҰОС тыл ардагерлерінің үйіне барды

Бүгін, адамзат тарихындағы ең үлкен қайғылы оқиғаның бірі болған Ұлы Отан соғысының қатысушылары әлі тірі болған кезде, ардагерлерге бейбіт аспан үшін ризашылығымызды білдіруге мүмкіндік беріледі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында ТЖ департаментінің бастығы М. Аманбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Геннадий Павлович Соколов пен Николай Андреевич Головинге тұрғылықты жері бойынша барды.

Кезекті сапар барысында олар ардагерлерге ерен еңбектері үшін және бүгінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүру құқығы үшін алғыстарын білдірді.

Қонақтар келуін асыға күткен ардагерлер Ұлы Отан соғысы туралы және соғыстан кейінгі жылдардағы өрт күзетіндегі қызметтері туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында Марғұлан Аманбаев пен Бегендік Айтқұлов ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, рух сергектігін тілеп, келе жатқан «Жеңіс күнімен» құттықтап, ардагерлерге азық-түлік себеттері мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

                                                                                  Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы