Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге орай шағын футболдан матч өткізілді

Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге орай шағын футболдан матч өткізілді

7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге орай Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан матч ұйымдастырылды.

Іс-шараны Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев ашты. Ол жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.Спорттық шараға 7 команда қатысты.

Жалпы, барлық командалар лайықты ойнап, соңына дейін жеңіс үшін күресті. Тартысты да ауыр күрестен кейін жүлделі орындар келесідей бөлінді:

3-ші орынды Ақтөбе қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы алды.

2-ші орын Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің командасына бұйырды;

жарыстың жеңімпаздары Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің командасы болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Департамент бастығы дипломдармен марапаттады.

Жарыстың мақсаты – азаматтық қорғау органдарының еңбек сіңірген ардагерлерін еске алу, жеке құрамның қажетті дене деңгейін жетілдіру, бос уақытын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұжымды біріктіру құралы ретінде қызмет етеді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы