45 жастағы ер адам Елек өзенінен құтқарылды

45 жастағы ер адам Елек өзенінен құтқарылды

2021 жылғы 14 сәуірде 14 сағат 40 минутта Ақтөбе қаласының Елек өзенінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

​Шақырту орнына дереу құтқарушылар жіберіліп, 1976 жылы туған азаматтың суға түсу үшін жабдықталмаған жерде шомылғаны анықталды.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында азамат 2 метр тереңдіктен құтқарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

​Ақтөбе облысының ТЖД көктемде ауа температурасы судан айтарлықтай ерекшеленетінін еске салады.

Ауада температура жиырма бес градусқа жетуі мүмкін екеніне қарамастан, судың температурасы он градустан аспайды.

Суық суға түскенде, температура айырмашылығына байланысты құрысулар пайда болуы мүмкін, өткір гипотермия асфиксиялық батып кетуге әкелуі мүмкін.

                                                                                 Ақтөбе облысы ТЖД

                                                                                Қоғаммен байланыс тобы