Көп қабатты үйден 2 адам құтқарылып, 10 адам көшірілді

Көп қабатты үйден 2 адам құтқарылып, 10 адам көшірілді

Бүгін сағат 11 сағат 33 минутта Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Сәңкібай батыр даңғылы 20 мекенжайы бойынша көпқабатты үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына тез арада құрамында 13 адам және 4 бірлік техника Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгенде ас үй бөлмесінде жиһаздың жануы анықталды. Өрт 11 сағат 48 минутта жалпы ауданы 3 шаршы метрде сөндірілді.
Сондай-ақ, баспалдақ маршы бойынша өрт сөндірушілермен 2 адам (пәтер иелері) құтқарылды, 10 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысының ТЖД тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы