Ағымдағы жылғы 18 наурызда еліміздің Тәуелсіздігіне 30 толуына орай «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясында Ақтөбе облысы ТЖД Байғанин ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері Нұртілек Шамғонұлы Қарабалин «Батыл жүрек» номинациясына және Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталған болатын.
Бүгін, 02 сәуір күні, Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев ТЖ саласына қосып келе жатқан ерен еңбегі үшін аталған марапатты Нұртілек Шамғонұлына табыстады.
Нұртілек Шамғонұлы 2020 жылғы қысқы кезеңде 4 авариялық-құтқару, 1 іздестіру-құтқару жұмыстарына шығып, қар құрсауында қалған жалпы саны 35 автокөлікті қауіпсіз аймаққа көшіруде және жоғалған азаматты іздеп-табуға елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ, бұл шарада көрсеткен ерлігі үшін ТЖ Министрінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін үшін» төсбелгісімен ПД қызметкерлері Мұратбек Нұрмағанбетов пен Ерболат Жаңабаев та марапатталды.
2021 жылы 13 ақпанда Ақтөбе қаласында Қарғалы тұрғын алабындағы Октябрь 60 жыл көшесіндегі №5 үйде өрт шықты. Ақтөбе қалалық полиция басқармасына 23 сағат 48 минутта осы үйдің тұрғындары өрт туралы хабарлады. Өрт орнына патрульдік қызмет жасағы жіберілді, атап айтқанда полиция капитаны Мұратбек Нұрмағанбетов пен аға лейтенант Ерболат Жаңабаев.
Оқиға орнына шақырту бойынша келіп, жанып жатқан жертөледе ер адамның бар екенін білген полицейлер дымқыл шүберекпен тұмшаланып, оны құтқаруға асықты. Қараңғы жертөлеге кіріп, олар зардап шегушінің ес-түссіз екенін көрді. Зардап шегушіні қауіпсіз жерге эвакуациялап, олар дәрігерлер келгенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетті. М.Нұрмағанбетов пен Е. Жаңабаев тарапынан көрсетілген ерліктің арқасында адам өмірі құтқарылды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы