Бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг өтті.
Брифингте Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Құмар Тұрмағамбетов сөз сөйледі.
«Облыс бойынша 500 мың м3 астам қар шығарылды, 102 арықтар мен 52 км нөсерлер тазартылды, осы жұмыстар әрі қарай жалғасуда. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың, көбінесе бұл Ақтөбе қаласында және Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен 55 503 м3 су сорылды. Облыс жолдарындағы 3 143 тазартуды талап ететін су өткізу құрылыстарының 1 887-і (60%), 660 тазартуды талап ететін көпірлердің 620 тазартылды» ,- деді Құмар Тұрмағамбетов
Ол өңірде су басу қаупі бар аймаққа жататын 30 елді мекен (1 524 үй) анықталғанын атап өтті, онда 11 мыңнан астам адам тұрады.
Бұл ретте Кешенді жоспар мен «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын іске асырудың арқасында облыста бүгінгі күні 1 770 адам тұратын, бұрын қауіпті аймақта болған 13 елді мекен (455 үй) қорғалғанын айта кету керек.
Су тасқыны жағдайын жою мақсатында жалпы саны 1 584 адам, 467 бірлік техника, 73 бірлік жүзу құралдары, 229 бірлік мотопомпа дайындыққа келтірілген.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы