2021 жылғы екі айдағы облыс аумағындағы өрт жағдайы

2021 жылғы  екі айдағы облыс аумағындағы өрт жағдайы

02 наурыз күні Өңірлік коммуникация қызметінде «Облыстағы өрт жағдайы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингті Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Евгений Овчарский БАҚ өкілдерінің назарын ағымдағы өрт жағдайына аударта отырып бастады. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының аумағында 95 өрт тіркелді (2020 жылы – 72, 31,9% – ға өсті), нәтижесінде облыстың 4 тұрғыны қаза тапты, оның ішінде 1 жасөспірім (2020 жылы – 2, 100% - ға өсті), 8 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.​ Өрттен келген материалдық шығын 1.5 млн теңгеден астам соманы құрады.

Ақтөбе облысының аумағында жыл басынан бері газ баллонының жарылысымен 3 өрт тіркелді. Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық газбен улану фактілері орын алды.

Сондай-ақ брифинг барысында Басқарманың бас маманы Аслан Арзымбетов облыс аумағында автокөлікте 34 өрт тіркелгенін (2020 жылы- 17) және бұл өткен жылдың 2 айымен салыстырғанда 2 есеге өсу байқалатынын атап өтті.

Оның ішінде жеңіл автокөлікте 22 өрт, жүк көлігінде 6, басқа көлік құралдарында 2 (тіркемелер, арнайы техника). Көлікте өрттерден қаза тапқандар мен жарақаттанғандар тіркелмеген.Облысымызда әртүрлі конструкциялы газ аспаптарымен жылытылатын тұрғын үйлер де бар, осыған байланысты өрттердің алдын алу мақсатында спикерлер газ аспаптары мен баллондарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске салды:

- тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде ас үй плиталарын, су жылыту қазандықтарын, газ колонкаларын) газбен жабдықтауға арналған газ баллондары ғимараттан тыс, ғимарат кіреберісінен кемінде 5 м жанбайтын материалдардан жасалған жапсарлас құрылыстарда немесе шкафтарда орналастырылады;

- балаларды және осы аспаптармен жұмыс істеу ережелерін білмейтін адамдарды газ аспаптарына жіберуге болмайды;

- газ баллондарын гараждарда, пәтерлерде, балкондарда сақтауға болмайды;

- газ баллондарын тек мамандандырылған пункттерде (газ толтыру станциялары) толтыру қажет, автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынады;

​- пәтерді жылыту үшін газ плиталарын пайдаланбаңыз;

​- газ иісі болса сіріңке тұтатпаңыз, темекі шекпеңіз, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз, Газ қызметі мен өрт күзетінің қызметкерлерін дереу шақырыңыз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы