АҚ туралы нені білу керек

АҚ туралы нені білу керек

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Ақтөбе облысында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен азаматтық қорғаныс айлығы басталды. Тұрғындар арасында азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша «Азаматтық қорғау туралы» Заңның және басқада нормативтік-құқықтық актілердің мақсаты мен негізгі ережелерін кең көлемді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру айлықтың негізгі міндеті болып табылады.

Облыстың әрбір тұрғынына маңызды ақпаратты қалай жеткіземіз? Әрине БАҚ арқылы. Осы орайда Азаматтық қорғаныс басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан Дуйсен Оразгелды Нурмаханұлы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының таңғы бағдарламасы - «Қайырлы таң, Ақтөбе» және «Рика-ТВ» - «Сөзіңіз аузыңызда» күндізгі бағдарламасында толық ақпарат берді.

Көрермендер АҚ не екенін, оның халық алдында қандай міндеттері қойылғанын, не үшін әрбірі азаматтық қорғаныстың ережесін білуі керектігі және неге оқытатыны туралы жеткізді.

 

Ақтөбе облысының ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы