Ақтөбе облысының ТЖД интерактивті сабақ өткізді

Ақтөбе облысының ТЖД интерактивті сабақ өткізді

Жыл сайын 1 наурызда өткізілетін Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде Азаматтық қорғау басқармасының қызметкерлерім «Ақтөбе облысы бойынша білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы» базасында облыстың жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен «ONLINE» режимде кезекті интерактивті сабақтар өткізді, оған облыстың 310 мектебінің 4053 оқушысы мен оқытушылары қатысты.

Сабаққа қатысушылар Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнінің тарихымен және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы негізгі кезендерімен танысты. Сонымен қатар, оларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қазіргі замаңғы закымдану құралдарынан қорғаудың құралдары және әдістері туралы айтылды.

Сабақтың барысында қатысушылар арасында Азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзара пікіралмасу жүргізілді.

 

Ақтөбе облысының ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы