Аудандық құтқарушылардың көмегі

Аудандық құтқарушылардың көмегі

Ағымдағы жылдың 28 ақпаны күні 22 сағат 40 минутта Хромтау аудандық #20 өрт сөндіру бөліміне қалың қарда автокөлік тұрып қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Осы хабарлама бойынша аудандық ӨСБ-нің жеке құрамынан 3 құтқарушы қар талғамайтын Трэкол көлігімен оқиға орнына дереу шықты. Жолаушылар тарапынан шақырту түскен орын ӨСБ-нен 80 шақырым жерді құрайды. Кезекшіліктегі жеке құрам оқиға орнына жеткенде Тассай ауылынан Көкпекті селосына бағыт алған УАЗ автокөлігімен 3 адамның қар құрсауында қалғаны анықталды. Аудандық ӨСБ-і қызметерлерінің көмегімен 51 жастағы әйел және оның 8 жасар қызы құтқарылып, Көкпекті ауылына жеткізілді. Жолаушылардың жағдайы жақсы, медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Жеке құрам бөлімге оралу кезінде жолай Тассай ауылы маңында Тойота Прадо автокөлігімен қар құрсауында қалған 50 және 47 жастағы 2 жолаушыны Хромтау қаласына эвакуациялады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ