Бау-бақша ұжымындағы қауіпсіздік

Бау-бақша ұжымындағы қауіпсіздік

Алға қаласының әкімшілігінің ұйымдастырылуымен, Алға қаласының бау-бақша ұжымының өкілдеріне жиын өткізілді. Іс-шараға Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Д.Жолмагамбетова қатысып, өз тарапынан бау-бақша ұжымында тұрып жатқан халыққа су тасқыны кезеңімен жылыту маусымы қарсаныңда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді.         

Сонымен қатар бау-бақша ұжымында қоқыс қалдықтарын жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын ескертіп, жаднамалар таратылды.  

 

Алға ауданының ТЖБ