Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Бүгін Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде «Су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті. Баспасөз маслихатына Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Тұрмағамбетов Құмар Бақытұлы қатысып, су тақсынына қарсы іс-шаралар бойынша журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап берді. Облыста көктемгі су тасқынын өткізуге қажетті дайындық жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда облыста су басу қаупі бар аймаққа жататын 30 елді мекен (1 524 үй) анықталды, онда 14 мыңнан астам адам (14 440) тұрады.

Жол картасын жүзеге асырудың арқасында бүгінде 1770 адам тұратын қауіпті аймақта бұрын болған 13 елді мекен (455 үй) қорғалған.

"Қазгидромет" деректері бойынша топырақтың қатып қалуы орташа есеппен 77,7 см құрайды (мах. 107, min. 55), қар қоры 22,6 мм, бұл нормадан 50,4% (N 45,6) кем, қар жамылғысының биіктігі орташа 10,4 см (мах. 23, min. 3), күзгі ылғалдандыру орта есеппен 28 мм немесе нормадан 62,6% (44,7 мм).

Су тасқыны жағдайы бірге асқынған жағдайда әкімдікпен жалпы саны 1 584 адам, 467 бірлік техника, 73 бірлік жүзу құралы, 229 мотопомпа облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы