Төтенше дағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Төтенше дағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда облыс әкімі О.С. Оразалиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті, отырыстың күн тәртібі шеңберінде су тасқыны, суға шомылу және өрт қауіпті кезеңге дайындық, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттерін құру және одан әрі жұмыс істеу қаралды.

Бүгінгі таңда облыста су басу қаупі бар аймаққа жататын 30 елді мекен (1 524 үй) анықталды, онда 14 мыңнан астам адам (14 440) тұрады.

Жол картасын жүзеге асырудың арқасында бүгінде 1770 адам тұратын қауіпті аймақта бұрын болған 13 елді мекен (455 үй) қорғалған.

 "Қазгидромет" деректері бойынша топырақтың қатып қалуы орташа есеппен 77,7 см құрайды (мах. 107, min. 55), қар қоры 22,6 мм, бұл нормадан 50,4% (N 45,6) кем, қар жамылғысының биіктігі орташа 10,4 см (мах. 23, min. 3), күзгі ылғалдандыру орта есеппен 28 мм немесе нормадан 62,6% (44,7 мм).

Су тасқыны жағдайы бірге асқынған жағдайда әкімдікпен жалпы саны 1 584 адам, 467 бірлік техника, 73 бірлік жүзу құралы, 229 мотопомпа облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды.

Қазіргі уақытта облыста құрамында 2 300-ден астам адам бар 322 ерікті өртке қарсы құрамалар жұмыс істейді, олар 695 бірлік бейімделген техникамен, 1323 аспалы өрт сөндіргіштермен, 1700 бірліктен астам арнайы киіммен (1712) және 182 өрт сөндіру мотопомпаларымен қамтамасыз етілген.

Елді мекендерді өрттен қорғау шеңберінде өрт қауіпті кезеңде бүгінгі күні 59 мың адам тұратын 104 елді мекенді қамтитын 25 өрт сөндіру бекеті құрылды және жұмыс істейді.

2021-2023 жылдарға тағы 13 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.

Шомылу кезеңінде облыс бойынша 52 жағажай анықталды (10 - Ақтөбе қаласында, 42 - аудандарда), оның ішінде 12-коммерциялық және 40-коммуналдық жағажайлар. Суға шомылу орындарында жасақшылар – құтқарушылар мен полицияның ерікті көмекшілерін тарта отырып, коммуналдық жағажайлар құру тәжірибесі қолданылады (олардың жұмысының негізгі қағидаты – тегін кіру).

Облыс әкімі Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға төтенше жағдайлардың туындау қаупін болдырмау және азайту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖАБ