2021 жылғы 16 ақпанда Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаровтың төрағалығымен «2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» мәселе бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында комиссия мүшелері, су тасқынына қарсы комиссия мүшелері, Алматы және Астана аудандарының әкімдері, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК, ұйымдар, мекемелер мен Басқарушы компания басшылары қатысты.
Отырыста «2021 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы», «2021-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру және одан әрі жұмыс істеу жоспарын іске асыру барысы туралы» және «Көп қабатты тұрғын үйлердің өртке қарсы жай-күйі іс-шараларын іске асыру барысы туралы» сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Жоспарға орай, Ақтөбе қаласы аумағында көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Ақтөбе қаласы әкімдігімен үлкен көлемде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі су тасқынына қарсы ашық суағарларды, каналдарды, су өткізетін құбырларды қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды. 2016-2020 жылдарға арналған кешенді іс шаралар жоспарына сәйкес 2016-2017 жылдары аралығында 16 нысан бойынша канал-арық жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды және жоспар аясында белгіленген учаскелерде суағарлар құрылысы салынды және сондай ақ, құрылыс жұмыстарының уақытылы мерзіміне сәйкес жыл аяғына дейін аяқталады. 2019 жылғы ұйымдастырылған су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша қала әкімдігі мақсатты дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Ақтөбе қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Айбат Сергеевич Жаңабергенов су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу және көп қабатты тұрғын үйлердің өртке қарсы жай-күйі іс-шараларын іске асыру бойынша баяндама жасады.
ТЖК отырысының төрағасы барлық жауапты тұлғаларға алдын ала су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін өткізу бойынша нақты тапсырмалар берді, бұл 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су тасқынынан тиімді қорғауды және тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе қаласының ТЖБ