"Ер есімі - ел есінде"

"Ер есімі - ел есінде"

1989 жылдың 15 ақпаны — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні. Операцияға шектеулі контингенттің соңғы командирі, генерал-лейтенант Борис Громов жетекшілік еткен болатын. Кеңес әскерлері осы ел аумағында 1979 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, 9 жыл, 51 күн болып, Ауғанстан Демократиялық Республикасының үкіметіне әрекет етті.

2021 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының ұйымдастыруымен тәуелсіз елдің құтқарушыларына Ауған соғысындағы аға буынның ерлігін насихаттап, патриоттық сезімге тәрбиелейтін ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбаев Марғұлан Топашұлы, ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Айтқұлов Бегендік Таскентұлы, Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Кадыров Арман Кавашевич,  Ауған оқиғасының ардагерлері, департаменттің офицерлік құрамы мен өрт сөндіру бөлімінің жас қызметкерлері қатысты. Интернационалист-жауынгерлермен жүздесу кешінде қатысушылар майдан даласында қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысы ардагерлерінің сол кездегі көрсеткен жауынгерлік рухты әрекеттері, қаһармандық ерліктері бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі өнеге екені сөзсіз. Жиында департамент бастығы М.Аманбаев жауынгерлерді мерекелерімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттай отырып, ардагерлерге ризашылығын білдірді.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы