Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының Ойыл ауданына іс-сапары

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының Ойыл ауданына іс-сапары

2021 жылғы 26 қаңтарда Ақтөбе облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С.Т.Торебаевтің Департаменттің Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ш.М.Сартовтың, Департаменттің "ӨСжАҚЖҚ" ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Т.С.Кубашевтың қатысуларымен Ойыл ауданы гарнизонына жұмыс сапарымен барды.

Іс сапардың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сонымен қатар жеке құрамның тәртіпті, заңдылықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар жеке тәрбиелік жұмыстары істердің жағдайын жақсартуға және карантиндік шараларды қатаң сақтау.

Іс сапар барысында Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №18 өрт сөндіру бөлімінің техникалық базасын аралап, күш құралдардың әзірлігін, қысқы кезеңге дайындығын қарап, өрт саласындағы бақылау-қадағалау бойынша шаралардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар №18 ӨСБ жеке құрамымен ӨСД өрт саптық дайындығы бойынша нормативтерді орындауына тексеріс жүргізілді, нәтижесінде ӨСД барлық түрлері бойынша уақытында үлгерілді.

Одан әрі гарнизон жеке құрамымен кездесу ұйымдастырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың шектеулері мен талаптары, ТЖМ басшылығының АҚО қызметкерлеріне қойылатын талаптары және тәрбие жұмысы бойынша сұхбаттасу өткізді. Жиын барысында тәрбие жұмысын күшейту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша тапсырмалар берілді.

Жұмыс барысында жеке құрамның қызметтік құжаттары қаралып, қысқы киім үлгісіне өтуі және дабыл шамадандарының дайындығы бойынша саптық байқау өткізді. Әскери-қызметтік тәртіп пен тәрбие жұмыстарын тексерді. Тексерудегі мақсат: қызметкерлердің әскери-қызметтік тәртіп және тәрбие жұмысын жүйесіндегі біліктілікті қалыптастыру. Тексеру барысында жеке құрамға тәрбие жұмысы және жеке тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Ойыл ауданының ТЖБ