Діни мереке қарсаңындағы қауіпсіздік

Діни мереке қарсаңындағы қауіпсіздік

 Православиелік Крещение Господне мерекесінде халықтың суға түсуі 18 қаңтардан 19-на қараған түні жыл сайын дәстүрлі түрде өтетіні белгілі. Жастар да, егде жастағы адамдарда бұл күні судың денсаулықты нығайтатын және ауру-сырқауды емдейтін қасиетіне сенім артып шомылады. Шоқыну түнінде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Ақтөбе облысының аумағында арнайы 19 суға түсу орны белгіленген.

Ақтөбе қаласы бойынша  «Елек» өзенінде «Жаға-Жай», «Семейный», Болашақ», «Грен лэнд» демалыс базасы және Ақтөбе су қоймасында (41 разъезд ауданы) суға шомылу орындары орналасқан. Сонымен қатар Қарғалыда 6, Қобдада 4, Алға, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау аудандарында бір бірден суға шомылу орындары белгіленген.

         Аталған орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облыстық ТЖД құтқарушылары мен техникалары, медицина қызметкерлері, жергілікті полиция жұмыс істейді. 217 адам екі ауысыммен 18 қаңтарда кешкі уақыттан бастап 19 қаңтар қасиетті күн аяқталғанға дейін кезекшілік атқарады.Сонымен қатар барлық орындарда жылыту пункттері қарастырылған.

         Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар Департаменті облыс және қала тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.  Ең алдымен қандай да бір ауруы бар адамдар өзін емдеп жүрген дәрігермен кеңесіп алған жөн.

         Созылмалы, қабынатын аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары, орталық жүйке жүйесі аурулары бар (мысалы эпилепсия) адамдарға мұзды шұңқырға түсуге тыйым салынады, тіпті рұқсат етілмейді. Бірінші кезекте суға түсіп шыққан кейін сүртінуге және дене салқындап қалмау үшін қалың сүлгі қажет. Сонымен қатар тез киіп алуға ыңғайлы ауыстыратын киім, бас киім, термосқа ыстық шай құйып алу қажет.Мас күйінде суға түсуге тиым салынады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД  қоғаммен байланыс тобы