Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Темір ауданына жұмыс сапары

Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Темір ауданына жұмыс сапары

13 қаңтарда Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Аманбаев, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Қадыров және Департаменттің Кадр саясаты бөлімі жеке құрам бойынша инспекцияның бас маманы Ш. Сартов Темір ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары аясында № 16 өрт сөндіру бөлімінде гарнизонның жеке құрамымен кездесу өтті, бөлім ғимаратының техникалық жағдайы, жеке құрамның қызмет атқаруының материалдық-техникалық және тұрмыстық жағдайлары қаралды.

Сондай-ақ, Темір ауданының гарнизонына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Нұртазин Жұмабек Нұрланұлы таныстырылды. Жұмабек Нұрланұлы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 2014 жылдан бастап қызмет етеді. 2015 жылдан ағымдағы жылғы қаңтар айына дейін Темір ауданы ТЖБ бас маман қызметінде болған.

Бұдан басқа, Темір ауданы әкімінің орынбасары А. Жанболатпен кездесу өткізіліп, азаматтық қорғаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Сапар соңында жұмыс тобы Досжан Хазірет атындағы мешітке барды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Кадр саясаты басқармасы