Тікелей эфирде «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында

Тікелей эфирде «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында

2021 жылдың 12 қаңтарында «Рика ТВ» телеарнасының тікелей эфирінде «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Жаңабергенов жылыту маусымы кезіндегі тұрғын үй секторындағы өрттерді алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы сөз сойлейді.

Басқарма қызметкерлері апта сайын демалыс күндері өрттің алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ 105 саяжай үйіне улы газ датчиктері орнатылды. Өрттердің негізгі себептері: тамақ әзірлеген кездегі қараусыз тастап кеткеңі және электрқұралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы, сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтамауынан болып табылады. Бірінші кезекте түсіндіру жұмыстарымен көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен аз қамтамасыз етілген топтар қамтылған. Жылу беру маусымының алдында үй иелері пештер мен түтіндіктердің жарамдылығын тексеріп, оларды өртке қарсы нормалар мен қағидаларға сәйкес келтірді.

Ақтөбе қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Жанабергенов бағдарлама соңында тек қана өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу мен сақтау ғана өртті алдын алуға және болдырмауға көмектесетінін атап өтті.

 

Ақтөбе қаласының ТЖБ