Жылыту маусымындағы алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жылыту маусымындағы алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жылыту кезеңінде өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Департамент азаматтарды ақпараттандыру мен оқытудың алуан түрлі тәсілдерін белсенді қолданады.

Өткен кезеңде ЖАО-мен, волонтерлармен, Жергілікті полиция қызметімен, үкіметтік емес ұйымдар және МЕӨҚҚ өкілдерімен бірлесіп профилактикалық аралау арқылы 92 мыңнан астам азамат (92 124), оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын тұрғын үйлер бойынша 37 мыңнан астам (37 228) рейд жүргізілді. Халықпен нұсқаулық жүргізіледі, үй иелерінің рұқсатымен тұрғын үй тексеріледі, тұрғын үйді өртке қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша ұсынымдар беріледі. Жалпы алғанда, бүгінгі күні ЖАО және үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде «STEP-MS» ЖШС, «Мониторинг сервис» ЖШС және Ақтөбе өртке қарсы жабдық зауытының қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар мен азаматтарға көмек көрсетілді, атап айтқанда 780 улы және табиғи газ дабылдары, түтін дабылдары орнатылды, 86 өрт сөндіргіш берілді, 74 ағынды парақтары орнатылды, 129 түтін мұржалары және үй маңындағы аумақтар тазартылды.

Бүгінгі күні «Керуен Сити» СОО, «City shopping center» СОО орналасқан экрандарда және Департаменттің құтқарушылар скверінің аумағында орналасқан LED – экранда «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары», «Тұрғын үйлерде пештерді орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының міндетті талаптары» және «Улы газ» тақырыптары бойынша трансляция жүргізілуде. Бейне және аудиороликтерді трансляциялау әлеуметтік объектілердің ғимараттарында, адамдар көп жиналатын объектілерде де жүргізіледі. Барлығы 2010 рет бейне және аудиороликтер көрсетілді.

2020-2021 жылғы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылу нәтижесінде өрттің шығуынсыз улы газбен уланудан 5 адам, оның ішінде 3 бала, ал табиғи газдан уланудан 1 адам жарақат алды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы