Ғимараттардың шатырларынан қардың құлауы, сүңгілердің түсуі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Ғимараттардың шатырларынан қардың құлауы, сүңгілердің түсуі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Қалың қардың жаууы мен күннің күрт жылуы сүңгілердің пайда болуын және ғимараттардың шатырларынан қар құлауын тудыруы мүмкін.

Шатырда жиналған қар массасының түсуі өте қауіпті!

Есіңізде болсын: көбінесе сүңгілер суағарлардың үстінде пайда болады, сондықтан үйлердің қасбеттерінің бұл орындары ерекше қауіпті. Оларды айналып өту керек.

Сақ болыңыз және мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеңіз. Егер тротуарда жүру кезінде сіз күдікті шуды естіген болсаңыз – тоқтап, басыңызды көтеріп, онда не болғанын қараудың қажеті жоқ.

Бұл қардың немесе мұздың түсуі болуы мүмкін. Ғимараттан да алшақ қашуға болмайды. Қабырғаға мүмкіндігінше тезірек жақын тұру қажет, сонда ғана шатырдың күнқағары Сізге қорған бола алады.

Сүңгілердің пайда болуына және қар массаларының жиналуына жол бермейтін факторлардың бірі – шатырлардан қарды үнемі және уақтылы тазалап отыру.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖ алдын алу басқармасы