Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы «Адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты құндылық» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.