Ақтөбеде «Күмбез» азаматтық қорғаныс платформасының ИИ негізіндегі демо-нұсқасы жасалды

Ақтөбеде «Күмбез» азаматтық қорғаныс платформасының ИИ негізіндегі демо-нұсқасы жасалды

Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицеры Амир Қарағұжин жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, азаматтық қорғаныс бағыттарын цифрлау жобасын жүзеге асырды.

Осы бастама аясында азаматтық қорғауға арналған «Күмбез» цифрлық платформасының демо-нұсқасы әзірленді. Платформада қарапайым панаханалар мен халықты жинау пункттері көрсетілген ашық карта, ең жақын панахананы іздеу және оған жаяу жүргінші бағытын құру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, платформада азаматтарды оқытудың цифрлық контуры қамтылған. Атап айтқанда, онлайн-курстар, сондай-ақ оқудан өткенін растайтын анықтаманы автоматты түрде қалыптастыру және оның түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі енгізілген.

Жоба бойынша жұмыс барысында жасанды интеллект құралдарының көмегімен жобаның жұмыс істейтін демо-нұсқасы, дизайн жүйесі және техникалық тапсырмасы әзірленді.

Айта кету керек, жоба ұсынылған 80 жобаның ішінен үздік 30 жобаның қатарына еніп, Startup Orda 2.0 Aqtobe акселерациялық бағдарламасының қатысушысы атанды.

Қазіргі уақытта платформаны пилоттық пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.