«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың белсенді 16 күндігі» акциясы аясында кездесу өтті

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың белсенді 16 күндігі» акциясы аясында кездесу өтті

Ақтөбе облысының ТЖД-де әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімінің жанындағы Гендерлік саясат комиссиясының мүшелері Калел Бибігүл Маратовна мен Сағымова Гүлжан қатысып, отбасы институтын нығайту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтық қорғау органдары бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал мен қызметкерлердің тұрмыс жағдайларын зерделеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында пікір алмасу өтті.

Іс-шараға қатысушылар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

 

Ақтөбе облысының ТЖД