Құтқарушылар арасындағы оқу-жаттығу жиыны

Құтқарушылар арасындағы оқу-жаттығу жиыны

Жедел құтқару жасағы қызметкерлерінің арасында құтқару көпсайысы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.

Жарыстың мақсаты — құтқарушылардың берілген тапсырманы орындаудағы дайындық деңгейін арттыру, авариялық-құтқару техникаларын пайдалана отырып тәжірибе жинақтау, құтқарушылардың кәсіби дайындығын шыңдау, сондай-ақ жедел құтқару командалары арасынан үздіктерді анықтау.

Оқу-жаттығу жиынына жедел құтқару жасағы бөлімшелерінен 8 команда «Жол-көлік оқиғасы», «Альпинистік шеберлік», «Химиялық авария» және «Сүңгуірлік дайындық» кезеңдері бойынша бақ сынады. Аталмыш жарыста қатысушылар Өрт сөндіру қызметі басшылығының тарапынан барлық кезеңге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы