ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 жылғы 28-29 мамыр күндері Ақтөбе облысында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттеріне ден қою дайындығы пысықталады. Осы кезеңде арнайы техникалардың қозғалысы, дабыл белгілері және оқу-жаттығу элементтері жүргізілуі мүмкін.

28 мамыр күні сағат 11:00-де «Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы арқылы азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне облыстық тексеру жүргізіледі.

Дыбыстық сигнал естілген жағдайда:

* теледидар мен радионы қосу;

* интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ресми ақпаратпен танысу қажет.

‼️Тұрғындар мен қонақтардан сабыр сақтап, үрейленбеуді және оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Ақтөбе облысының ТЖД