Сан-Диегоға - сеніммен: Ақтөбеде «BATYR TEAM» спортшысы Саламат Исбулаевты шығарып салды

Сан-Диегоға - сеніммен: Ақтөбеде «BATYR TEAM» спортшысы Саламат Исбулаевты шығарып салды

Ақтөбе қаласында халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев арнайы құрметпен шығарып салынды.

Спортшы 2026 жылдың 27 маусымында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында, әйгілі Pechanga Arena-да өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл жарыс - әлемнің үздік файтерлері бас қосатын беделді алаңдардың бірі.

Осыған дейін ол Дубай қаласында өткен халықаралық жекпе-жекте жарқын жеңіске қол жеткізген болатын.

Саламат Исбулаев - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері, «Alash Pride» лигасының экс-чемпионы, PFL лигасының легионері және «BATYR TEAM» спорт клубының өкілі. Ол кәсіби мансабындағы барлық жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтап келе жатқан ерекше спортшылардың бірі.

ТЖМ жанкүйерлері чемпионға ыстық ықыласын білдіріп, АҚШ төріндегі маңызды жекпе-жекте жеңіспен оралуына тілектестік танытты. Ел үмітін арқалаған әріптесімізге алдағы додада сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Ақтөбе облысының ТЖД