Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының диспетчерлік құрамының кәсібилігін арттыру

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының диспетчерлік құрамының кәсібилігін арттыру

Бүгін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінде кезекші – диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Азаматтармен телефон арқылы қарым-қатынас жасау ережелері мен нормалары, телефон этикетін сақтау және Дағдарыс жағдайларда диспетчерлердің мінез-құлық ережелері» тақырыптары бойынша сабақ өткізілді.

Сабақ азаматтармен телефон арқылы қарым-қатынас жасау нормалары мен ережелерін қолданудың теориялық және практикалық тәжірибесін меңгеру бойынша білімге деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ қызметкерлердің негізгі қызметтік іс-әрекетті орындау кезінде азаматтардың проблемалары мен мүдделері үшін жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Дағдарыс жағдайлары басқармасы