Департамент басшылығының Шалқар ауданына жұмыс сапары

Департамент басшылығының Шалқар ауданына жұмыс сапары

Гарнизон қызметімен танысу мақсатында ТЖД басшысы азаматтық қорғау полковнигі М.Т. Аманбаев Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Шалқар ауданының әкімі Ж.Жейдехановпен кездесу өткізіліп, азаматтық қорғаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. № 7 өрт сөндіру бөлімінде гарнизонның жеке құрамымен кездесу өтті, бөлім ғимаратының техникалық жағдайы, жеке құрамның қызмет атқаруының материалдық-техникалық және тұрмыстық жағдайлары қаралды.

Сапар соңында ауданның құрылу тарихы сақталған мұражай таныстырылды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы