Ақтөбелік азаматтар баланы құтқарғаны үшін наградталды

Ақтөбелік азаматтар баланы құтқарғаны үшін наградталды

   Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен батылдық, жауапкершілік және көмек көрсеткені үшін Әлішер Жангереев пен Әли Мырзағали наградталды. Батырларға  награданы Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Кахарман Оразалин табыс етті.

  2026 жылғы 6 наурызда Әлішер Жангереев тұрғын үй аумағында жүрген кезде көмекке шақырған дауысты естіп, бірден іздестіру жұмыстарын бастады. Күрделі ауа райы жағдайында ол техникалық құдыққа құлап кеткен кәмелетке толмаған баланы тауып алды. Жағдайды бағалай отырып, ол балаға алғашқы медициналық көмек пен психологиялық қолдау көрсетті. Кейін куәгерлерді шақырып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.

  №75 мектептің 11-сынып оқушысы Әли Мырзағали өз еркімен құдыққа түсуге келісіп, баламен байланыс орнатты, оны тыныштандырып, қауіпсіздікті сақтай отырып жоғарыға көтерілуге көмектесті. Әли болашақта өз өмірін құтқару қызметімен байланыстыруды жоспарлап отырғанын атап өткен жөн: ол қазірдің өзінде ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін құжаттарын тапсырды.

  Олардың бірлескен әрекеттерінің арқасында бала құтқарылды. Операция жедел әрі үйлесімді жүргізіліп, ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.