Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі болып Самал Асхатқызы Нұралина тағайындалды

Самал Нұралина 2001 жылғы 19 наурызда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2022 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында 2022 жылдың қазан айында бастаған. Қызметі барысында ақпараттық саясатты жүзеге асыру бағытында белсенді еңбек етіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатты. Сонымен қатар, ресми хабарламаларды әзірлеу мен таратуға қатысып, төтенше жағдайлар саласындағы маңызды мәліметтерді қоғамға жедел әрі нақты жеткізу ісінде кәсіби біліктілігін көрсетті.