Заң мен тәртіп: төтенше жағдайлардың алдын алу - басты назарда

Заң мен тәртіп: төтенше жағдайлардың алдын алу - басты назарда

Ақтөбе облысының ТЖД құтқару бекетінде облыс әкімі Асхат Шахаров және облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын болдырмау мәселелері бойынша көшпелі алқа отырысы өткізілді. Басқосуға алқа мүшелері, құқық қорғау, атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты. Аудан прокурорлары мен әкімдері бейнеконференция арқылы қосылды.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Кахарман Оразалин ағымдағы жағдай туралы баяндады. Өңірде жедел штабтар құрылды, «жедел желінің» жұмысы қамтамасыз етілді, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Отырыс барысында су басу қаупі бар аумақтарда атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарының барысы, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою тетіктері жан-жақты талқыланды.

Өңір басшысы көктем мезгіліндегі өзекті мәселелердің бірі – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін аппарат мәжілісінде су тасқынының алдын алу жұмыстары мен оған дайындық барысы қаралып, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілген.

Ақтөбе облысының ТЖД