Ақтөбе қаласында қол күресінен облыстық чемпионат

Ақтөбе қаласында  қол күресінен облыстық чемпионат

Ақтөбе қаласында ерлер мен әйелдер арасында қол күресінен облыстық чемпионат өтті. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша өңірлік құтқарушылар командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жеке есепте жүлделі орындарға ие болғандар:

Құдайберген Ринат, Қалдыбай Аида, Салимгореева Азиза – 1-орын;

Алдажар Дәуір – 2-орын;

Дуйсенов Адилет, Кеунимжаев Альфарит, Жумабеков Жасулан – 3-орын.

Бұл нәтиже спортшылардың физикалық дайындығы мен кәсіби шеберлігінің дәлелі.

Ақтөбе облысының ТЖД