Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік мекемелер мен АГҚС өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын қолдану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзгерістер мәселелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жаңартылған заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді. Талқылау жаңа нормаларды іске асырудың практикалық аспектілеріне баса назар аудара отырып, ашық диалог форматында өтті.

Аталған іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Ақтөбе облысының ТЖД