
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру аясында Ақтөбе облысында жұмыс кездесуі өтті. Ақтөбе облысының ТЖД бастығының бірінші орынбасары А. Жанабергенов Алға, Мұғалжар және Темір аудандарының әкімдерімен кездесті.
Кездесу барысында ауылдық елді мекендерде төтенше жағдайлардың алдын алу, жедел әрекет ету деңгейін арттыру, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері қаралды. Тараптар бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылады.
А. Жанабергенов «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтіп, оны тиімді іске асыру үшін барлық мүдделі органдардың бірлескен жұмысы қажет екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, бағдарламаны іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Ақтөбе облысының ТЖД