
Көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті “Қазгидромет” РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бірлескен зерттеулер өңірдегі бірқатар өзендердің жоғарғы ағыстарында ұйымдастырылды.
Зерттеу барысында Елек, Қарғалы, Ембі, Темір, Ойыл және Үлкен Қобда өзендеріндегі қар жамылғысының деңгейі анықталып, өзен арналарының жағдайы, мұз қату барысы, су өткізу мүмкіндігі және қауіпті учаскелер бақылауға алынды. Бұл мәліметтер көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған шараларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді
Ақтөбе облысының ТЖД