Улы газ дабылдарын орнату

Улы газ дабылдарын орнату

Үйлердегі улы газ хабарлағыштарын орнату – адамдардың улы газдан улануын алдын алу тәсілдерінің бірі.

Ағымдағы жылы Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдарымен тұрғындардың улы газдан улануын алдан-алу мақсатында 100 дана улы газ хабарлағыштары сатып алынды.

Қазіргі таңда, Қобда ауданының ТЖБ және 19 ӨСБ қызметкерлері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтардың үйлерде орнатылуда.

Әрбір үйде бөлім қызметкерлері улы газ хабарлағыштары туралы егжей-тегжейлі айтып, олардың әрекет ету қағидасын түсіндірді және көрнекі түрде көрсетуде. Тіпті, аздаған улы газ пайда болған жағдайда хабарлағыштар тез арада іске қосылып, дыбыс шығарады. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда адамдар ұйқы кезінде улы газбен уланып, қаза болады. Аталмыш іс-шараның мақсаты – улы газ әсерінен адамдардың қаза болу қаупіне неғұрлым бейім топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

  Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы